Ердоған "Ислам және түрік дұшпандығы өте қауіпті" деді

Президент Ердоған Халықаралық демократтар одағы төрағасы Көксал Куш пен оның басшылығындағы делегацияны Долмабахче офисінде қабылдады.

1713824
Ердоған "Ислам және түрік дұшпандығы өте қауіпті" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен кейінгі кезеңде экономикалық қиыншылықтардың артуымен бірге шетелдіктерге қарсы шаралар мен ислам дұшпандығының тіпті де артатынын айтты.

Президент Ердоған Халықаралық демократтар одағы төрағасы Көксал Куш пен оның басшылығындағы делегацияны Стамбұлда президенттік Долмабахче офисінде қабылдады.

Ердоған бұл жердегі сөзінде коронавирус індетіне тоқталды және індеттің әкелген зияндардың да жарыққа шыға бастағанын білдірді.

Ұлыбританиядағы бензин стансасында болған оқиғаны мысал ретінде атап өткен Ердоған "Уақыт өткен сайын мұндай оқиғалар басқа елдерде де туылуы мүмкін. Коронавирус індетінен кейінгі экономикалық қиыншылықтардың артуымен бірге шетелдіктерге қарсы шаралар мен ислам дұшпандығы тіпті де артады" деді.

Ислам және түрік дұшпандығының өте қауіпті екенін түсіндірген Ердоған "Мемлекетіміз азаматтарымыздың тыныштығы, қауіпсіздігі және амандығы үшін жұмыстарын жалғастырады" деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар