Президент Ердоғанның S-400 жөніндегі сөздері

New York Times БҰҰ Бас ассамблеясы кезінде президент Ердоғанмен өткізілген сұхбаттың бір бөлімін жариялады.

1712519
Президент Ердоғанның S-400 жөніндегі сөздері

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін алуының НАТО одақтастығына зиян бергені туралы сындарға қарсы шықты.  «Америкалықтар Түркияға Патриот зымыран қорғаныс кешенін сатқанда, S-400 жүйесін алмас едік» деді ол.

Американың New York Times (NYT) газеті Нью-Йоркта өткен БҰҰ Бас ассамблеясы кезінде президент Ердоғанмен өткізілген сұхбаттың бір бөлімін жариялады.

Ердоғанның кеше Ресей президенті Владимир Путинмен жасаған кездесуіне байланысты жарияланған бөлімде Ердоғанның дамыған орыс қорғаныс жүйесін сатып алу арқылы батыстың басты әскери одағы НАТО-ға зиян келтіргені жөніндегі сындарға қарсы шыққаны айтылды.

Хабарға қарағанда, президент Ердоған әрі НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбердің, әрі сол кездің АҚШ президенті Дональд Трамптың Түркияның қару қамдаушысын таңдау құқығын бекіткенін еске салды. «Өз қаруымызды аламыз» деген сөздер қолданды.

Айырықша Ердоған: «Америкалықтар Түркияға Патриот зымыран қорғаныс кешенін сатқанда, S-400 жүйесін алмас едік» деді.

Түркияның Ресейден қару алуының АҚШ-пен арадағы қатынастардың бұзылуына татып татымағаны туралы сұраққа Ердоған: «Менің ойымша татыды.  Қорғанысымызды қалағанымыздай нығайта аламыз» деп жауап берді.

Ол сондай-ақ «Түркияның АҚШ-пен көп жылдардан келе жатқан байланысы бар.  Осы байланысты сақтап,  күшейту керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар