Президент БҰҰ бақшасына қойылған Гөбеклитепе обелискін аралады

БҰҰ Гөбеклитепеде табылған обелисктің көшірмесіне тұрақты қонақжайлық жасайтын болады.

1709011
Президент БҰҰ бақшасына қойылған Гөбеклитепе обелискін аралады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) штаб-пәтерінде көрмеге қойылған Анадолының 12 мың жылдық мұрасы Гөбеклитепедегі обелисктердің көшірмесін аралады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 2018 жылы тіркелген Гөбеклитепеде табылған Т-тәрізді P18 обелискінің 1/2 мөлшерінде кішірейтілген көшірмесі БҰҰ бақшасында көрмеге қойылды.

Президент Ердоған БҰҰ 76-шы Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінен кейін БҰҰ бақшасына қойылған обелиск көшірмесін көруге барды.

Обелиск көшірмесі БҰҰ комплексінде көрмеге қойылған екінші «Ежелгі дәуір Анадолы» туындысы болды.

БҰҰ Гөбеклитепеде табылған обелисктің көшірмесіне тұрақты түрде қонақжайлық жасайды.

Шанлыурфада орналасқан Гөбеклитепе 12 мың жыл бұрын салынған және алғашқы қоныс ретінде белгілі.



Ұқсас жаңалықтар