Алок Шарма Эмине Ердоғанды Климат саммиті үшін Глазгоға шақырды

Эмине Ердоған Нью-Йорктегі Түрікүйінде Біріккен корольдік депутаты Алок Шармамен кездесті.

1709077
Алок Шарма Эмине Ердоғанды Климат саммиті үшін Глазгоға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанның климат пен нөл қалдық тақырыбындағы көшбасшылығының әлем елдері үшін үлгі екендігі айтылды.

Эмине Ердоған АҚШ-тың Нью–Йорк қаласындағы Түрікүйінде Біріккен корольдік депутаты және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климат өзгерісі туралы Конвенциясының 26​-шы тараптар конференциясы төрағасы Алок Шармамен Түркүйінде кездесті.

Кездесуде Шарма Түркияда нөл қалдық және климат өзгерісі тақырыптары бойынша қоғамдық сананы қалыптастыруда Эмине Ердоғанның бірінші ханым ретінде көшбасшылығын жақын қадағалағандарын және мұның әлем елдеріне үлгі екенін атап, Түркияның жаңартыла алатын энергия мен қалдықтар тақырыптарындағы сәтті жұмыстарына жіті назар аударғандарын білдірді.

БҰҰ Климат өзгерісі туралы Конвенциясының 26​-шы тараптар конференциясы төрағасы Алок Шарма президент Ердоған шақырылған Шотландияның Глазго қаласындағы климат саммитіне (1-12 қараша 2021) Эмине Ердоғанды да күткендерін атап көрсетті.

Эмине Ердоған болса климаттық дағдарыстың шекарадан асатын бір проблема екеніне назар аударып, шешім үшін жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Мәселелердің шешімі тақырыбында Глазго саммитінде сәттілік тілеген Ердоған Түркияның қоршаған ортаға сезімталдығы жоғары ел екенін, соңғы жылдары бұл бағытта байыпты қадамдар басылғанын және халықтық сананың өте жоғары екенін баса айтты.

Алок Шарма кездесуден кейін Твиттерден жасаған хабарламасында Түркияда қоршаған орта мәселелерімен айналысатын Эмине Ердоғанмен кездескеніне қуанышты екенін атап, кездесуде БҰҰ Климат өзгерісі туралы Конвенциясының 26​-шы тараптар конференциясы алдында Түркияның климат өзгерісімен күрес жоспарларын талқылағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар