Президент Режеп Тайып Ердоғаннан Диярбакырда бірлікке шақыру

Президент Диярбакыр қаласында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қоғам басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

1705711
Президент Режеп Тайып Ердоғаннан Диярбакырда бірлікке шақыру

 

Президент Ердоған Диярбакыр қаласында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қоғам басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Ол Дін істері басқармасы басшысы Али Ербаш арқылы бағдарлама қатысушыларға сөз сөйледі. «Бірлік болып осы жолды жалғастыру керек.  Бұл үшін істеген істеріміз өте маңызды. Әсіресе аймақта сіздерден көп қызмет күтеміз» деді ол.

Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш та мәселелердің шешілуінде қоғам басшыларына, үкіметтік емес ұйымдарға, фондтарға, қауымдастықтарға және мұғалімдерге көп міндет жүктелетінін тілге тиек етті. «мәселелерімізді іліммен,  хикметпен, парасатпен шешеміз.  Бір ғасырдан бері территориямызда жүргізілген фитна мен лас сценарийлерді қоғамның парасатты өкілдері бұзды» деді ол.

Ербаш Түркия Дін істері фондының әлемнің 149 елінде жұмысын жалғастырғанын айтып: «Сол елдердегі азаматтарға құрбан еті таратқанда,  олар жылап тұрып «Алла Түркиядан разы болсын» деп тілейді. Міне, осы адамдардың дұғасының арқасында құламай тұрмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар