Түркия мен Бахрейн қарым-қатынастары өте жақсы

Бахрейн королы Хамад бен Иса аль Халифа Бахрейн мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың өте жақсы деңгейде екенін және ынтымақтастықтың дамығанын айтты.

1702955
Түркия мен Бахрейн қарым-қатынастары өте жақсы

Бахрейн ресми хабар агенттігінің хабарына қарағанда король Иса аль Халифа Түркияның Бахрейндегі өкілетті және төтенше елшісі Есин Чакылды қабылдады.
Иса аль Халифа мен елші Есин Чакыл кездесу барысында екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастарды қолға алды. 
Кездесуде король Иса аль Халифа екі ел қарым-қатынастарының жоғарғы деңгейге жеткеніне және барлық саладағы ынтымақтастықтың дамығанына назар аударды. 
Бахрейн королы екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлестері үшін елші Чакылға алғыс айтты. 




Ұқсас жаңалықтар