Анытқабірдің тарихи суреттері жарияланды
Түркия Республикасының құрушысы Ататүріктің мәңгілік мекені – Анытқабірдің тарихи суреттерін жариялады.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі 1944 жылғы 9 қазан күні құрылысы басталған және 1953 жылы 1 қыркүйек күні аяқталған, Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің мәңгілік мекені – Анытқабірдің тарихи суреттерін жариялады.
Министрліктің Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан Анытқабірдің құрылысы кезінде түсірілген суреттер жарияланды. Жазбада «Құрылысы 1944 жылғы 9 қазан күні басталған және 1953 жылы 1 қыркүйек күні аяқталған Анытқабірдің тарихи фотосуреттері. Бас қолбасшымыз Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті құрметпен еске аламыз» деп айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.