Ердоған Сараевоға барды

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Босния және Герцоговинаның астанасы Сараевоға барды.

1698576
Ердоған  Сараевоға барды

Президент Ердоғанды  Сараево Халықаралық әуежайында Босния және Герцоговина Қауіпсіздік министрі Селмо Чикотич, Сараево қаласының  мэрі Бенджамина Кариж және Түркияның Босния және Герцоговинадағы өкілетті және төтенше елшісі Садык Бабур Гиргин қарсы алды. 

Ердоған Мешхул әскери ескерткішіне және Босния және Герцоговинаның тұңғыш президенті Әлия Иззетбеговичттің қабіріне гүл шоқтар қойып, дұға қылды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған  Босния және Герцоговинада "Vakıflar" қоры басқармасы  тарапынан реставрация етілген Башчаршы мешітінің беташарын жасады. 

Ердоған бұл жердегі сөзінде "2015 жылы 20 мамырда мешіттің алғашқы реставрациясы үшін екі елдің "Vakıflar" қоры төрағалары қол қойған еді. Міне қазір сіздермен бірге мешіттің беташары рәсімін жасадық" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар