Ердоған жастар конгресіне қатысты

Ердоған: "Түркияның сіздердей жастары болғаны үшін болашағымыз бүгінімізден де жақсы болады" деп көрсетті.

1696641
Ердоған жастар конгресіне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған елдің сел мен өрт апатында зиян тартқандарға жәрдем беретінін айтты.

Президент Ердоған Анкарада ұйымдастырылған "Жастар досы қалалық конгресс және көрмесінде сөйлеген сөзінде сел мен өрт апатында зиян тартқан азаматтарға қысқа уақытта жәрдем берілетінін білдіріп:

"Еліміз Ван, Елазыг зілзаласынан кейін азаматтарға берген уәдесін қалай орындаған болса, Батыс Қаратеңіздегі сел мен орман апатында зиян тартқандардың жарасын жазады. Ұлтымыз осы ауыр күндерден де өтеді" деді.

Ғылым және технологиямен бірге қала құрылысында да тың кезеңге кірілгенін, адамды негіз еткен қалалардың орнын замандас өндіріс пен өнеркәсіпті негіз еткен қала үлгісі алғанын тілге тиек еткен Ердоған:

"Өзгерген шарттарға және қоғамдық талаптарға сай саясат белгілеу қала әкімшіліктеріміз үшін талғам емес, мәжбүрлік.  Жастарымыз жергілікті әкімшілік пен қызметтерге байланысты шешім механизмдерінде тіпті ықпалды рол атқаруды қалайды. Жастар досы қалалар түсінігін маңызды деп қараймын" деді.

Түркия президенті ретінде осы елдің жастарына қызмет еткеніне бақытты сезінетінін айтқан Ердоған:

"Түркияның сіздердей жастары болғаны үшін болашағымыз бүгінімізден де жақсы болады" деп көрсетті.

Президент алдағы кезеңде жастарды шешім жасау және атқару процесіне қатыстыратындарын білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар