Шентоп Разумковты Украинаның ұлттық күнімен құттықтады

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп украин әріптесі Дмитро Разумковқа құттықтау хатын жолдады.

1696231
Шентоп Разумковты Украинаның ұлттық күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Украинаны ұлттық күнімен құттықтады.

Мұстафа Шентоп Украинаның ұлттық күніне орай Украина парламенті төрағасы Дмитро Разумковқа құттықтау хатын жолдады.

Шентоп өз жолдауында бауырмал украин халқы мен Разумковты ұлттық күніне орай құттықтады.

Шентоп құттықтауында «Украинамен қазіргі екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш салуға дайын екенімізді және осы аяда парламенттер арасындағы байланыс пен сапарлардың санын арттыруды мақсат етіп отырғанымызды білдіргім келеді. Жақында кездесу үмітімен сіз бен Украина парламентінің құрметті депутаттарына зор денсаулық және табыс тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар