Акар Пәкістан басшыларымен кездесті

Хулуси Акар кездесуде Түркия мен Пәкістан арасындағы терең тарихи байланыстарға тоқталды.

1689646
Акар Пәкістан басшыларымен кездесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Пәкістан сапары аясында кездесулерін жалғастыруда.

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Пәкістан президенті Ариф Альви және премьер-министр Имран Хан тарапынан қабылданды.

Кездесуде Ариф Альвиді Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Акар президент Режеп Тайып Ердоғанның жексенбі күні Стамбулда ұйымдастырылатын Пәкістан МИЛГЕМ жобасының алғашқы кемесі БАБУ-ді теңізге жолдау рәсіміне ресми шақыруын ұсынды. 

Акара осыдан кейін премьер-министр Имран Хан тарапынан Премьер-министрлік ғимаратында қабылданды. 

Пәкістан Қорғаныс министрі Первез Хаттак та қатысқан кездесуде аймақтық қорғаныс, екі елдің қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығы қолға алынды. 

Кездесуде Акар Түркия мен Пәкістан арасындағы терең тарихи байланыстарға тоқталды.

Акар екі ел халықтарының қуаныш пен қайғыда бірге болғанын, орман өртімен күресте Пәкістаннан келген қолдаулардың күш бергенін, Түркияның Кашмир тақырыбындағы қолдауы президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан тілге тиек етілгенін, әскери ынтымақтастықты бекемдеудің маңыздылығын атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар