Министр Чавушоғлу Анталия өрттерін бағалады

Сыртқы істер министрі Апат пен төтенше жағдайлар басқармасында мәлімдеме жасады.

1688059
Министр Чавушоғлу Анталия өрттерін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анталиядағы өрттердің толығымен бақылауға алынғанын атап көрсетті.

Чавушоғлу Анталияның Манавгат ауданында Апат пен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) үйлестіру орталығында жасаған мәлімдемеде «Анталиядағы өрт толығымен бақылауға алынды. Өрттердің артынан көмектердің қалай жеткізілетінін және бұл шығындардың қалай өтелетінін үнемі қарастырып отырамыз. Ауыр шығын келген ғимараттардың орнына жаңа құрылыстар салынады. Аз зиян келген ғимараттарды жөндеу үшін  де қолдау беріледі» делінді.



Ұқсас жаңалықтар