Сириядағы шабуылда 2 адам жарақат алды

Баб ауданында бөлшектеуші террор ұйымы  YPG/PKK-ның зымыран шабуылында 2 адам жарақат алды.

1686454
Сириядағы шабуылда 2 адам жарақат алды

Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бөлшектеуші террор ұйымы  YPG/PKK-ның бір жедел жәрдем көлігіне ұйымдастырылған зымыран шабуылында 2 адам жарақат алды. 

Бөлшектеуші террор ұйымы  YPG/PKK "Евфрат қалқаны" опрациясымен террордан құтқарылған Баб ауданының батысындағы Хазван аймағында жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасады. Шабуылда  2 адам жарақат алды. Жарақат алғандар қазір емделуде. 
Түрік Қарулы Күштері шабуылға тойтарыс жасап, Бабтың оңтүстік-батысындағы  бөлшектеуші террор ұйымы  YPG/PKK-ның нысандарын күйретті. 

 



Ұқсас жаңалықтар