Түркияға шетелден өрттер үшін қолдау

Еуроодақ, Катар және Әзербайжан Түркияға орман өрттерін сөндіру жұмыстарына қатысу үшін іздеу құтқару топтарын жіберді.

1684079
Түркияға шетелден өрттер үшін қолдау

Түркияның әртүрлі аймақтарында шыққан орман өрттері үшін шетелден көңіл айту мен ынтымақтастық хабарламалары жалғасуда.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров президент Режеп Тайып Ердоғанға орман өрттерінде қаза тапқандар үшін көңіл айту жеделхатын жіберді.

Жапаров өз жеделхатында «Түркияның көптеген провинциясында болған өрт салдарынан қаза тапқандар туралы хабарларға қатты қайғырдым. Осындай қиын кезеңде Түркия халқына осы табиғи апат салдарын жою үшін батылдық пен табандылық тілеймін» деді.

Жапаров өзі мен Қырғызстан халқының атынан өрт салдарынан қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде болса Твиттер аккаунтынан жасаған ынтымақтастық пен көңіл айту хабарламасында «Түркиядағы орман өртінде қаза тапқандарға көңіл айтамын. Біздің ынтымағымыз, ойымызбен Түркия халқы және жалынмен күресіп жатқан өрт сөндірушілернің жанындамыз.

Еурокомиссия болса Түркияда өрттермен күрес үшін 3 өрт сөндіру ұшағының жіберілетінін хабарлады.

Еуроодақтың дағдарысты басқаруға жауапты мүшесі Янез Ленарчич ЕО-тың осы қиын уақытта Түркиямен толықтай ынтымақтастықта екенін атап «Одан көп қосымша көмек көрсетуге дайынбыз» деді.

Катар Әмірі Шейх Тәмим ибн Хамед әл-Санидің тапсырмасымен Катар Ішкі қауіпсіздік күштеріне қарасты Халықаралық іздеу құтқару тобы Түркияға аттанды.

Топ орман өрттерінде жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстарына қатысады.

Әзербайжаннан да өрттермен күреске қолдау мақсатты араларында 41 өрт сөндіру көлігі бар барлығы 53 көлікпен 220 қызметкер келді.



Ұқсас жаңалықтар