111 өңірдегі өрт сөндірілді

Бекир Пакдемирли 111 өрттің сөндірілгенін, жалпы 6 өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

1683727
111 өңірдегі өрт сөндірілді

Түркияда 111 өрт сөндірілді. 3 уәлаятта  6 өңірдегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. 

Ауыл шаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли Твиттер желісінде жариялаған мәлімдемесінде:

"28 шілде мен 1 тамыз арасында шыққан өртті сөндіру үшін 13 ұшақ, 9 адамсыз әуе көлігі, 45 тікұшақ, 1 адамсыз тікұшақ, 708 дала көлігі мен су танкері, 120 жұмыс машинасы, 4 мың 800 қызмметкер еңбек етуде" деді.

Бекир Пакдемирли 111 өрттің сөндірілгенін, Анталияда 2, Муглада 3 және Тунжелиде бір, жалпы 6 өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар