Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Түркияда ел  көлемінде екі күн ішінде 63 жерде орман өрті шыққаны, 43 өрттің басқаруға алынғаны білдірілді.

1682634
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун орман өртіне байланысты твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Алтун "Мемлекетеміз ормандарымыз үшін атсалысуда" деген мәлімдемесінде  орман өртіне қарсы қолданылған қорғау жүйелері мен құралдарға және қызметкер санына орын берді. 

"Қатысты орган және ұйымдар мөлшермен  4 мың қызметкер, жүздеген көлік және құралдармен 21 уәлаятта шыққан орман өртін сөндіруге тырысуда" деген сөздер қолданған Фахреттин Алтун ел  көлемінде екі күн ішінде 63 жерде орман өрті шыққанын, 43 өрттің басқаруға алынғанын және өрт сөндіру жұмыстарының табандылықпен жалғасқанын баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар