ПКК-дан 5 террорист берілді

2021 жылы көндіру жолымен берілген террорист саны 114 кісіге жетті.

1681765
ПКК-дан 5 террорист берілді

Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-дан қашқан 5 ұйым мүшесі қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігі көндіру жұмыстарының нәтижесінде ПКК-дан қашқан 5 ұйым мүшесінің қауіпсіздік күштеріне берілгенін хабарлады.

Берілген ұйым мүшелерінің 2014 және 2020 жылдары арасында террористік ұйымға қосылғаны, Түркия, Ирак және Сирияда операциялар жасағаны білдірілді.

Сонымен бірге ұйым мүшелерінен 3 кісінің отбасы Диярбакырда жалғасып жатқан "ұрпақтар кезегі" іс-шарасына қатысқан отбасылар арасында екені анықталды.

2021 жылы көндіру жолымен берілген террористер саны 114 кісіге жетті.   



Ұқсас жаңалықтар