Қызыл бюллетеньмен ізделген террорист ұсталды

Террорист Түркияға жеткізілді.

1682250
Қызыл бюллетеньмен ізделген террорист ұсталды

Қызыл бюллетеньмен ізделген «Пиро Каркер» лақап атты Жимшит Демир атты террорист ұсталды. Ол Еуропаға қашуға дайындалып жатқан жерінен Ұлттық барлау ұйымының операциясында Ирак жерінде ұсталды.  PKK/KCK террорлық ұйымының террористі Түркияға жеткізілді.

Қауіпсіздік күштерінің мәліметіне қарағанда,  Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген террорист Демир 2009 жылы Агғы қаласынан ұйымға қосылған.  Тендурек тауы арқылы Ирактың солтүстігіне өткен.

Ирактың солтүстігінде Хакурк, Гара және Кандилде ұйым үшін лаңкестіктерге қатысқан. 2014 жылы Сирияға өтіп, бір жыл PYD/YPG, артынан Кандилде PKK/KCK құрамында болған.



Ұқсас жаңалықтар