Ердоған Жастар саммитіне қатысты

Президент Ердоған Еуропаның ортасында БҰҰ-ның көз алдында жасалған қырғынның гуманитарлық тарихқа қара дақ болып қалғанын айтты.

1674139
Ердоған Жастар саммитіне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Еуропадан Канадаға дейінгі елдердің орай табыла қалса, бізге адам құқығы, демократия, еркіндік насихатын бергендердің тарихындағы ұятты дақтары ортаға шығуда"деді.

Ердоған бас қала Анкарадағы Бештепе Ұлттық Конгресс және Мәдениет орталығында ұйымдастырылған Түркия Жастар саммитіндегі сөзінде Сребреница қырғынының 26 жылдығына орай өткізілген еске алу рәсіміне тоқталып:

"Кеше 26 жылдығы еске алынған Сребреница қырғынының 26 жылдығында шейіт болған бошнак бауырластарымызға Алладан иман тілеймін" деп көрсетті.

Еуропаның ортасында БҰҰ-ның көз алдында жасалған қырғынның гуманитарлық тарихқа қара дақ болып қалғанын айтқан Ердоған:

"Жабайылықпен өлтірілген 8 мың 372 бауырымыздың қайғысы жүрегімізді жаралап келеді. Табылған топтық мазарлармен бірге қайғымыз еселеп артуда. Осы мазарлар қырғынды ұмытпау, ұмыттырмау жауапкерлігімізді ескертуде.

Осындай қайғылардың қайталанбауы үшін Батыстың қырғын шындығын қабылдауы керек. Еуропадан Канадаға дейінгі елдердің орай табыла қалса бізге адам құқығы, демократия, еркіндік насихатын бергендердің тарихындағы ұятты дақтары ортаға шығуда"деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар