165 босқын құтқарылды

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 165  босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

1671153
165 босқын құтқарылды

Измир, Айдын және Муглада  Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 165 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Измир, Айдын және Муглада үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 165  босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар