Түркияда Delta варианты 26 уәлаятта байқалды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркиядағы 224 Delta вариантының 134-і Стамбулда анықталғанын айтты.

1667061
Түркияда Delta варианты 26 уәлаятта байқалды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда спорт жарыстарының көрермен саны белгіленіп, сақтық шараларын жасау жолымен ойналатынын жариялады.

Министр Фахреттин Кожа бас қала Анкарада жасаған мәлімдемесінде Түркияда 26 уәлаятта коронавирустың Delta варианты байқалғанын білдіріп:

"Delta plus варианты жоқ, Delta артуда. 138 анықталған науқасты айтқан едім, бұл сан 224-ке жетті. 16 уәлаятта байқалған Delta варианты 26 уәлаятқа таралды. 224 Delta вариантының 134-і Стамбулда анықталды" деді.

Кожа Твиттерден бөліскен мәлімдемесінде:

"Төрт кісіден бірінің вакцинасы егілді. Екі доза вакцина егілгендер саны 15 миллионға жетті. 18 жастан жоғарғылардың 25 пайызына вакцина егілді. Індетке қарсы күшеюіміз вакцинация мөлшеріне байланысты. Вакцина ектіріңіздер" деді.



Ұқсас жаңалықтар