«Канал Стамбұл» мегажобасы басталды

«Канал Стамбұл» мегажобасын жүзеге асыру аясында алғашқы көпірдің іргетасы қаланды.

1665239
«Канал Стамбұл» мегажобасы басталды
erdogan kanal istanbul.jpg
kanal istanbul sazlidere koprusu.jpg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның даму тарихында бүгін жаңа бір парақ ашылғанын айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған «Сазлыдере» су қоймасы арқылы өтетін бірінші көпірдің іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйледі. Ердоған сөзінде бүгін Түркияның дамуы, ұлттық күшею жолында тағы бір тың қадам басылғанын, сондай-ақ  "Канал Стамбұл" мегажобасы бірінші көпірінің іргетасын қалағандарын білдірді. 

Босфор бұғазы әлемде ең көп көлік қатынайтын бұғаздың біріне айналғанын баяндаған Ердоған 1930 жылдарда жылына орташа 3 мың кеменің өткенін, бүгінгі таңда 45 мың кемеге ұласқанын тілге тиек етті. 

Босфор бұғазын айналып өтетін жасанды көлік артериясы Қаратеңіз бен Мәрмәр теңізін байланыстырады. Бұл Түркияның халықаралық саудадағы рөлін арттырмақ.

Әлемдегі жүктемесі ең көп теңіз жолдарының бірі болған Босфор бұғазынан жыл сайын 45 мыңнан астам кеме өтеді. Бұл көрсеткіш халықаралық келісімдерде 25 мың кеме ретінде  белгіленгенін айта кетейік. Түркия билігінің болжамына қарағанда 2050 жылдан кейін Қаратеңіз бен Мәрмәр теңізі арасындағы кеме ағыны 78 мыңға жетеді, бұл жаңа теңіз артериясын құрудың маңыздылығын арттырады. Каналдың ұзындығы 45 километрге жетеді.

 



Ұқсас жаңалықтар