Балаларымызды террор шабуылынан қорғаймыз

Фахреттин Алтун " Көз жасын төккен әке-шешелерге уәде береміз. Балаларымызды террор шабуылынан қорғаймыз" деді.

1661018
Балаларымызды террор шабуылынан қорғаймыз

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун "Балаларын сағынып, көз жасын төккен әке-шешелерге уәде береміз. Балаларымызды террор шабуылынан қорғаймыз" деді. 

Алтун твиттер арқылы мәлімдеме жасап, былай деді: "Балаларын сағынып, көз жасын төккен әке-шешелерге уәде береміз. Балаларымызды террор шабуылынан қорғаймыз. Соңғы балаларымызды да  опасыз террор ұйымы  PKK/YPG-нің қолынан құтқарғанға дейін күресіміз табанды түрде жалғасады".

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун террор ұйымы PKK/YPG тауға алып қашқан балаларына қауышуды үміт еткен және Халықтардың демократиялық партиясы қалалық филиалы алдында отыру акциясын жалғастырған Диярбакыр аналарына қолдау мақсатты бір бейне көрініс жариялады.

Алтун «Халықаралық қоғам осы соғыс қылмысы алдында үнсіз қарап жатқанда, күрд және түрік аналар террор ұйымы PKK/YPG-нің жылдардан бері балаларды тұзаққа тартуына наразылықтарын арттырды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар