Президент Ердоғанның кездесулері
Президент Макронмен бас қосты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Бельгияның бас қаласы Брюссельде Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті. Екі лидердің НАТО штабындағы кездесу баспасөзге жабық өтіп жатыр.
Ердоған артынан Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Германия канцлері Ангела Меркель және Грекия премьер-министрі Кириакос Мичотакиспен бас қосады.
Түркия уақытымен сағат 18-ден президент Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденмен кездеседі. Ердоған осы кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.
Президент кеше Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Литва президенті Гитанас Науседа және Латвия президенті Эгилс Левитспен бас қосқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.