Ұлттық қорғаныс министрі Ливияда әскери лауазымдылармен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливия ресми сапары аясында әскери лауазымдылармен бас қосты.

1656928
Ұлттық қорғаныс министрі Ливияда әскери лауазымдылармен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливия сапары аясында әскери лауазымдылармен бас қосты.

Акар Ливия Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Мухаммед Али Хаддад және Триполи Әскери аймағы қолбасшысы генерал Абдулбасит Мерванмен кездесті.

Қабылдаудан кейін Акар Ливия Қызмет тобы қолбасшылығы қызметкерлерімен бас қосты.

Түркия мен Ливияның жылдардан бері жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынастарына назар аударған Акар Түркияның Ливияның бірлігі, егемендігі және қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды жалғастыратынын білдірді.

Көтерілісшіл Хафтардың Ливиядағы бейбіт адамдарға жасаған шабуылын еске салған Акар Хафтар күштері төсеген және тіпті ойыншықтардың ішіне орналастырған жарылғыш заттардың араларында балалар да бар көптеген бейбіт тұрғынның өліміне себеп болғанын мәлімдеді.

Акар «Бұл жарылғыш заттар мен миналардың кесірінен аяқ-қолдарынан айырылып, шейіт болған көптеген ливиялық ағайын бар. Олардың кейбіреулері Түркияда емделуде. Бауырларымыз үшін өз міндеттерімізді орындауымыз, оларға бағыт-бағдар беруіміз, көмектесуіміз керек. Біз осы азап пен қайғы-қасіретті ливиялық бауырларымызбен бөлісеміз» деді. 

Акар «Бауырлар ретінде, бір жұдырықтай болып, заңды күрестерінде Ливиямен біргеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар