Гара аймағында PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды

Мәлімдемеде "2 PKK-лық террорист Әуе күштеріміздің табысты операциясы арқылы залалсыздандырылды" делінді.

1653993
Гара аймағында PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Қай жерге тығылса да іздеп тауып, жоямыз! Түрік Қарулы Күштері және Ұлттық Барлау ұйымының ортақ жұмыстануы нәтижесінде Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында анықталған 2 PKK-лық террорист Әуе күштеріміздің табысты операциясы арқылы залалсыздандырылды" деген сөздер қолданылды. 

Ұлттық барлау ұйымы 6 маусымда да табысты операция жасап, террор ұйымы PKK-ның ауыз жүзіндегі жоғарғы басшысы "Дәрігер Хүйесін" лақапты Селман Бозкырды залалсыздандырған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар