Залалсыздандырылған террорист саны 10-ға жетті

Операциялар туралы Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.

1640541
Залалсыздандырылған террорист саны 10-ға жетті

PKK террор ұйымына қарсы бағытталған «Эрен 13» операциясында  залалсыздандырылған террорист саны 10-ға көтерілді.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасап, «Эрен-13» операциясы аясында Сиирттің Эрух ауданы Йассыдағ ауылында 3 террористтің залалсыдандырылғанын білдірді.

Сойлу алдында жасаған хабарламасында  «Эрен» операциялары аясында Шырнак-Джуди тауының Тушимия аймағында 5, Диярбакырдың Кулп ауданына қарасты Йайлак ауылдық аймағында 2, барлығы 7 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар