Түркияда короновирустан 236 адам қайтыс болды

Бір күнде 204 мың 637 сынама жүргізіліп, 1 мың 84 жаңа науқас тіркелді.

1639936
Түркияда  короновирустан 236 адам қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 236 адам қайтыс болды. 

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 44 мың 537 кісіге көбейді.

Бір күнде 204 мың 637 сынама жүргізіліп, 1 мың 84 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 11 мың 472 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 38 мың 814 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 4 миллион 932 мың 838 кісіге жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар