Ирактың солтүстігінде 4 бөлмелі үңгір анықталды

Авашин-Басиян аймағында анықталған үңгірдің PKK-лық террористтер тарапынан қолданылғаны анықталды.

1637366
Ирактың солтүстігінде 4 бөлмелі үңгір анықталды

Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басиян аймағында PKK-лық террористтер паналаған бір үңгір анықталды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда табысты түрде жалғасқан «Пенче-Йылдырым» операциясы аясында 4 бөлмелі және 50 террорист паналайтындай үлкен үңгір де мыстан жасалған есікпен айырылған және кепілдікке алынғандар үшін қолданылған арнайы бір бөлме де анықталды.

Үңгірдегі іздестіру жұмыстары барысында 81 мен 10 калибрлік 10 дана миномет оқ-дәрісіне қоса тетікпен алыстан басқарылатын қолдан жасалған 9 дана бомба тәркіленді.

Үңгір және қолға түскен оқ-дәрі мен жарылғыштар жойылды.



Ұқсас жаңалықтар