Грекия Сыртқы істер министрі келеді

Мевлүт Чавушоғлу Никос Дендиаспен бас қосады.

1620364
Грекия Сыртқы істер министрі келеді

Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиас ертең Анкараға келеді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Никос Дендиаспен бас қосады.

Екі ел арасындағы қатынастар министрлер деңгейінде қолға алынады. Лидерлер арасында кездесу үшін дайындық қарастырылады.

Кездесуде Жерорта теңізінің шығысындағы оқиғалар мен Эгей проблемасы қолға алынады. Грекияның мигранттарға бағытталған халықаралық құқыққа қайшы істеріне деген мазасыздық тілге тиек етіледі. Кипр мәселесіне бағытталған шешім ізденістері де талқыланады.

Кездесудегі басқа бір тақырып та терроризммен күрес болмақ.  Афины әкімшілігінің Фетуллахшы террорлық ұйым және жікшіл сепаратистік PKK ұйымына беріп отырған қолдауына наразылық тілге тиек етіледі.

Дендиас Анкараға келместен бұрын Стамбулда Фенер понти партриархы Барталамеомен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар