Ислами Мегабанк үшін шақыру

Президент Ердоған D-8 ұйымы 10-шы саммитіне тікелей қосылды.

1617300
Ислами Мегабанк үшін шақыру

Президент Режеп Тайып Ердоған Ислами қаржы мекемелерінің өтімділік мұқтаждықтары мен мұсылман елдерінің қаржы мұқтаждықтарын қамдайтын Ислами Мегабанк пікірінің орындауға болатын жоба екенін айтты.

Президент Ердоған D-8 ұйымы 10-шы саммитіне тікелей қосылды.

Осы саммит жиналысында төрт жылдық кезекті төрағалық міндетін Бангладешке тапсыратындарын атап көрсеткен президент: «Секретариаты Стамбулда болып табылатын ұйымымыз құрылған күннен бері нығайып жолын жалғастыруда» деді.

Ердоған соңғы бір жылдан бері әлемді шайқаған коронавирус эпидемиясымен күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңызы мен қажеттілігіне назар аударып келгендерін айтты. «Түркия ретінде адам сынақтары жүріп жатқан отандық вакцинамызды «ешкімді қалдырмау» принцибіне сүйене отырып бүкіл адам баласының қолданысына ұсынамыз» деді ол.

 Ол Түркия ретінде D-8 елдері арасында сауданың жеңілдетілуі үшін стратегия құжатын дайындап, қатысты елдерге жолдағандарын айтты. «Ислами қаржы мекемелерінің өтімділік және мұсылман елдерінің инфрақұрылым қаржы мұқтаждықтарын қамдайтын және онлайн платформада жұмыс істейтін Ислами Мегабанк жобасының арман еместігіне сенеміз» деді ол. Ердоған: «Елдерімізді бағамдардан туындайтын рисктерден сақтап қалу үшін отандық ақша бірліктерімен сауда жасауға салмақ салу керек. D-8 алмастыру банкінің осы бағытта жұмысын жылдамдатуы пайдалы болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар