Террормен күрес жалғасуда

«Евфрат қалқаны» аймағында террор ұйымы PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.

1612097
Террормен күрес жалғасуда

 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде Сирияның «Евфрат қалқаны» аймағында қауіпсіз және бейбіт ортаны бұзуға рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде аймаққа шабуылдаған PKK/YPG-лік 3 террористтің арнайы десанттар тарапынан залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.

Сирияның солтүстігінде Азез бен Джераблус аудандары арасында қалған және атын «Евфрат қалқаны» операциясынан алған аймақ 2017 жылы наурыз айында Түрік Қарулы күштері мен Ұлттық Сирия армиясы тарапынан террордан тазаланған болатын.

Тунджелиде болса «Эрен-7 Мержан-Мунзур» операциясында террористтер қолданған 2 үңгір жойылды.

Қаланың ауылдық аймағында ұйымдастырылған операция барысында үңгірде жасалған тінту кезінде көптеген азық-түлік, киім және шабуыл материалдары тәркіленді.

Қауіпсіздік күштері аймақтағы террористерді залалсыздандыру мақсатты іздестіру және тексеру жұмыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар