Алтуннан "Стамбул конвенциясы" хабарламасы

Алтун Стамбул конвенциясын тоқтату туралы хабарламаның Еуропалық кеңеске жеткенін мәлімдеді.

1609685
Алтуннан "Стамбул конвенциясы" хабарламасы

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Стамбул конвенциясын тоқтату туралы хабарламаның Еуропалық кеңес секретариатына жеткенін мәлімдеді.

Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун өзінің жеке Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасап, «Бұл жұмыс бітті. Тоқтату туралы хабарламамыз Еуропа Кеңесі секретариатына жетті. Еуропа Кеңесі келісімдер бюросы конвенцияның 1 шілде күнінен бастап, елімізде күшін жоятынын растады» деді.

Түркия 19 мамыр күні президенттік қаулымен келісімнен бас тартқанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар