Шентоп террормен күрес конференциясына қонақжайлық жасайды
"Терроризммен күрес конференциясы" 24-25 наурыз күндері Анталияда өтеді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп «Терроризммен күрес және аймақтық байланысты нығайту бойынша Парламент төрағаларының төртінші конференциясына» қонақжайлық жасайды.
Мәлімдемеге қарағанда конференция Анталияда 24-25 наурыз күндері өтеді.
Конференцияға Ауғанстан халық мәжілісі басшысы Мир Рахман Рахмани, Пәкістан ұлттық мәжілісі төрағасы Асад Кайзер, Ирак Өкілдер палатасы Қауіпсіздік және қорғаныс комитеті төрағасы Мухаммад Рида Аль Хайдар жиналысқа тікелей, Қытай Халық Республикасы Ұлттық Халық конгресі тұрақты комитет төрағасы Ли Чаньшу, Иран Ислам консультативтік кеңес Сыртқы істер комиссиясы төрағасы Можтаба Зонури, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думаның Халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Леонид Слуцкий болса бейнеконференция арқылы қатысады.
Иран Исламдық Кеңес Мәжілісі төрағасы Мұхаммед Бакир Галибаф болса конференцияның ашылуына видео үндеу жолдайды.
Жиналыста Түркия атынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі әкімшілік алқасы мүшелері, Мамандандырылған арнайы комиссия төрағалары мен орынбасарлары, парламенттік ассамблеялар алдында түрік делегацияларының төрағалары, парламент аралық достық тобы төрағалары және депутаттардан құрылған және ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп басшылығындағы делегация өкілдік жасайды.
Шентоп конференцияның ашылу баяндамасын жасап, ашылу отырысын басқарады.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.