"Түркияның ұстанымы еш өзгермеді"

Президенттің Bloomberg-те мақаласы жарияланды.

1601427
"Түркияның ұстанымы еш өзгермеді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ұстанымының Сирия соғысы басталғаннан бері еш өзгермегенін айтты.

Сирияның азаматтық соғысының он жылдығына орай Bloomberg-те мақаласы жарияланған президент Ердоған түрік ұлтының барлық сириялықтарды қамтитын саяси жүйе құрылуының елдегі бейбітшілік пен тыныштықтық орнауы үшін шарт екеніне сенетінін білдірді.

Ол Сирияда бейбітшілік пен тыныштықтың қайтадан орнауының батыстың Түркияға шынайы қолдау көрсетуіне байланысты екеніне сенетінін айтты. «Демократия, еркіндік және адам құқықтары қайтадан сән болған қазіргі уақытта адам баласының Сириядағы істері шынайылығымыздың нақты өлшемі болмақ. Түркияның ұстанымы Сирия соғысы басталғаннан бері еш өзгермегенін мақтан тұтамын. Бейбітшіл мақсатты және түбегейлі шешім Сирияның территория тұтастығы және саяси бірлігіне құрмет көрсетілмеген жағдайда мүмкін еместігін баса айтамыз» деді ол.

Президент Түркия жергілікті ұйымдармен бірге қалыптастырған қауіпсіз аймақтардың Түркияның Сирияның болашағына деген сенімінің айғағы екенін білдірді. Ол батыс елдерінің қауіпсіздік аймақтарға шабуылдаған қандықол YPG террорлық ұйымына қарсы ұстаным көрсетуі керектігін баса айтты. «Америка Құрама Штаттары президенті Байден үкіметі уәделерін орындап, Сириядағы трагедияны доғаруы қажет және демократияны қорғау үшін бізбен бірге жұмыстануы керек» деді ол.

Президент Сирия халқының ең негізгі адамдық қажеттіліктерін қамдамайтын жоспарлардың барлығына қарсы екендерін айтты. Ол осындай таңдаудың дағдарысты асқындыратынын білдірді.

Түркия президенті батыс елдерін гуманитарлық дағдарыстың доғарылуы үшін жауапкершіліктерін орындауға шақырды. Ол Түркияның жүкті көтеруіне көмек берілмесе, Еуропаға жаңа көш толқыны бағыт алуы мүмкін екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар