Әзербайжанмен іс-қимыл жоспары бекітілді

Октай Әзербайжан премьер-министрі Асадовпен бірге Түркия-Әзербайжан аралас экономикалық комиссиясы отырысына қатысты.

1587077
Әзербайжанмен іс-қимыл жоспары бекітілді

Вице-президент Фуат Октай Әзербайжанмен 138 шешімнен тұратын іс-қимыл жоспарына келіскендерін білдірді.

Октай Әзербайжан премьер-министрі Али Асадовпен бірге Түркия-Әзербайжан аралас экономикалық комиссиясы отырысына қатысты. Артынан мәлімдеме жариялап,  екі жақты қатынастарға өріс беріп, жаңа іс-қимыл жоспарына келіскендерін айтты.

Октай: «Әзербайжанмен қол қойылған хаттама мен іс жоспары – 15 миллиард долларлық сауда айналымы нысанасы үшін маңызды саты» деді.

Октай келісілген жоспар аяасында басымдықтың басқыншы Армениядан құтқарылған аймақтардың жақсартылуына бағытталған жұмыстар екенін білдірді.

Әзербайжан премьер-министрі Асадов та аймақтағы барлық процестерде Әзербайжанның бауырлас Түркияның жанында екенін білдіріп: «Осы түбегейлі ұстанымымызды бүгін тағы бір рет бекіттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар