Түркияда салынған вакцина мутант вирустарға да ықпалды

Түркия халқына инактивті вакцина салып жатыр.

1583812
Түркияда салынған вакцина мутант вирустарға да ықпалды

Түркияда салынған Sinovac вакцинасының мутацияға ұшыраған коронавирустың штаммы үшін ықпалды екені жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ғылыми кеңестің мүшесі Проф. Др. Хасан Мурат Гүндүз Қытайдан жеткізілген және Түркияда салынған вакцинаның мутацияға ұшыраған вирусқа қарсы ықпалдырақ екеніне назар аударды. «Осы вакцинаның мутант вирустарға ықпалдырақ екені белгілі. Енді батыс елдері де инактивті вакциналарға бағыттала бастады.  Сондықтан бұл біз үшін артықшылық. Себебі біз халқымызға инактивті вакцина салып жатырмыз» деді ол.

Ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда вакцинаның осы мутант вирустарға да ықпалды болатыны жайлы бір көзқарас бар екенін атап көрсеткен Гүндүз: «Жұртшылық барлық шараларды сақтаса,  әрі вакцина салу арқылы көктем айларының аяғына қарай жақсы деңгейге жетеміз деп болжап отырмыз» деді. Ол жаз айларын жақсы бастау мүмкін екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар