ЮНЕСКО түрік ғалым Түрежині мақтады

Проф. Др. Угур Шахин және жұбайы Түрежи коронавирус вакцинасын жасап шығарды.

1582844
ЮНЕСКО түрік ғалым Түрежині мақтады

ЮНЕСКО түрік ғалым Др. Өзлем Түрежинің коронавирус вакцина зерттеулерінде алдынғы қатарағы ғалым әйелдердің бірі екенін атап көрсетті.

Орталығы Францияда болып табылатын ЮНЕСКО-ның twitter есебінен жасалған хабарламада: «Др. Өзлем Түрежи коронавирус зерттеулерінде алдынғы қатардағы ғалым әйелдердің бірі. Жыныстық жікшілдік, этникалық және діни шектеулер тоқтауы керек.  Ғылым - түрлілікке негізделгендіктен мықты» деп айтылды.

Хабарламада Түрежинің «Куәліктің болымсыз жағы болмайды, жаман нәрсе оны саясатқа айналдыру» деген сөздерге орын берілді.

Неміс биотехнологиялық BioNTech компаниясының құрушылары Проф. Др. Угур Шахин және жұбайы Түрежи коронавирус вакцинасын жасап шығарды. Компания биыл әлемнің түрлі елдерінде алты базада екі миллиард доза вакцина өндіруді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар