Түрік теңізшілер құтқарылды

Теңізшілер Түркияға жеткізіледі.

1582627
Түрік теңізшілер құтқарылды

Нигерия маңында 23 қаңтар күні қарақшылар тарапынан алып қашырылған он бес түрік теңізші құтқарылды.

Теңізшілердің жағдайының жақсы екені білдірілді.

Нигерияның Лагос қаласынан Оңтүстік Африканың Кейптоун қаласына жылжыған «Моцарт» атты кемеге шабуыл жасаған қарақшылар 19 теңізшінің он бесін алып қашқан болатын.

28 қаңтар күні теңіз қарақшыларымен құрылған алғашқы байланыстан кейін бүгін сүйінші хабар келді. Германиядан жүргізілген операция нәтижесінде 15 түрік теңізші құтқарылды.

TRT Haber телеарнасының сұрақтарына жауап берген компания лауазым иесі Левент Карсан «Түрік теңізшілер Нигерияда. Қауіпсіздік қамдалды. Жақында Түркияға келеді» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да құтқарылған түрік азаматтарын Түрік Әуе жолдарының ұшағымен Түркияға алып келетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар