Түркияда бір тәулікте 124 кісі қайтыс болды

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 26 мың 117 кісіге көбейді.

1575357
Түркияда бір тәулікте 124 кісі қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 124 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 26 мың 117 кісіге көбейді.

Бір күнде 141 мың 703 сынама жүргізіліп, 636 науқас тіркелді.

Бір тәулікте 7 мың 719 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 8 мың 16 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны екі миллион 370 мың  431 кісіге жетті.

Енді бір жағынан Президенттік үкімет кабинеті жиналасынан кейін мәлімдеме жасаған Президент Режеп Тайып Ердоған білім беруге үзіліс берген ауыл мектептерінде 15 ақпаннан бастап, сабақтың басталатынын жариялады. 

Президент басқа аймақтарда болса, 1 наурыздан бастап 8 және 12-ші сыныптардың мектепке барулары үшін дайындық жасалатынын, сондай-ақ қалған сыныптардың коронавирустың жағдайына қарай шешім жасалатынын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар