Президент жүргізушісіз автобуспен танысты

Президент автобустың суреттерін де жариялады.

1575271
Президент жүргізушісіз автобуспен танысты

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік инженерлері тарапынан жетілдірілген, электр қуатымен төртінші деңгей жүргізушісіз жүретін әлемнің тұңғыш автобусының таныстырылымына қатысты.

Президент Ердоған артынан хабарлама жариялап: «Жүргізушісіз, электр қуатымен жүретін автобус өндіретін фирмалар осы салада еліміздің атын әлемге паш ететініне сенемін» деді.

Осы автобустың сынақтан өтуі барысындағы суреттерін де жариялаған президент «Кабинет жиналысына түрік инженерлер жетілдірген төртінші деңгей жүргізушісіз автобус «Атак Электрикпен» кетіп бара жатырмыз» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар