Сыртқы істер министрі неміс әріптесімен Анкарада бас қосты

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

1566001
Сыртқы істер министрі неміс әріптесімен Анкарада бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропа басқан қадамдардың арқасында Еуроодақпен қарым-қатынастың одан жағымды атмосферада жалғасқанын атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу бас қала Анкарада Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен бірге баспасөз мәслихатын өткізді.

Чавушоғлу алдағы уақытта Германиямен екіжақты келіссөз механизмдерін жандандыру тақырыбында келіскендерін мәлімдеді.

Түркия-ЕО қатынастарын бағалаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Еуропа басқан оң қадамдардың арқасында Еуроодақпен қарым-қатынасымыз жағымды атмосферада жалғасады» деді.

Германия Сыртқы істер министрі Маас болса «Түркия мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың тереңдей түсетініне сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар