Түркия-Грекия өзара техникалық келіссөздер қайтадан басталады

Екі ел арасында техникалық келіссөздер келесі апта қайтадан басталады.

1564395
Түркия-Грекия өзара техникалық келіссөздер қайтадан басталады

Түркия мен Грекия әскери делегациялары арасында НАТО Штаб пәтерінде болып өткен техникалық келіссөздер келесі апта қайтадан басталмақ.

Түркия-Грекия әскери делегациялары арасында «бөлу ережелері» қолға алынған техникалық жиналыстар Президент Режеп Тайып Ердоған және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің кездесуінің артынан қабылданған шешім негізінде басталған болатын.

НАТО Штаб пәтерінде болып өткен жиналыстардың артынан 2020 жылы 2 қазан күні «жалпы ережелер» тақырыбында ортақ көзқарасқа келінгені жарияланған еді.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда Грекия қатыспағандықтан жиналыстар қысқа уақытқа тоқтап қалды. Түркия мен Грекия арасында Жерорта теңізінің шығысы тақырыбындағы «бөлу ережелері» қолға алынатын келіссөздердің келесі апта қайтадан басталатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар