Түркияда вакцинация бағдарламасы ертең басталады

Алғашқы CoronaVac вакцинасы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаға егілді.

1563127
Түркияда вакцинация  бағдарламасы ертең басталады

Түркияда соңғы 24 сағатта ковидтен 173 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 23 мың 325-ке жетті.

Бір күнде 173 мың 603 сынама жүргізіліп, 971 науқас тіркелді. Бір күнде 9 мың 554 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 9 мың 463 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны екі миллион 227 мың 927-ге жетті.

Басқа жағынан Ковид-19 эпидемиясына қарсы вакцинация бағдарламасы ертең басталады.

Жедел түрде қолданысына рұқсат берілуінің артынан алғашқы CoronaVac вакцинасы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаға егілді.

«Эпидемияны тоқтатқанша вакцина егуді, шаралар мен шектеулерге бағынуда табандымыз» деген Кожа «Баршаның міндетті түрде вакцина егу керектігін баса айтамын. Бұрынғы өмір қалпына оралу үшін вакцинаны барша міндетті түрде егу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар