Кипр түріктерінің жанындамыз

Кипр түріктерінің күресін әлемге таныстыру үшін үлес қосамыз.

1558600
Кипр түріктерінің жанындамыз

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар (YTB) басқармасы төрағасы Абдуллах Ерен Кипрлық түріктердің және екі мемлекеттік шешім бағытында жүргізілген күрестің әлемге таныстырылуы үшін басқарманың үлесінің жалғасатынын айтты.

Ол YTB тарапынан онлайн ұйымдастырылған «Кипрде БҰҰ шаңырағы астында екі мемлекеттік шешім ұсынысы» атты жиналыста сөз сөйледі.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының 2010 жылдан бері түрік диаспорасына бағытталған маңызды іс-шаралар атқарғанына назар аударған Абдуллах Ерен: «Шамамен 40 жылдан бері Түркияның бастамасымен халықаралық аренада күн тәртібіндегі Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және СКТР-дағы түріктердің күресін әлемге естірту үшін жұмыстанып келеміз» деді.

Ерен осы шеңберде тек 2020 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан 92 студентке стипендия берілгенін, Кипрден келген мыңнан астам студенттің Түркиядағы университеттерде білім алып жатқанын білдірді. Кипрдің сонымен бірге Ұлыбритания секілді елдерде диаспорасы бар екенін айтқан Абдуллах Ерен Ұлыбританияда тұратын Кипрлық түрік жастарын «Отаныңмен таныс» деген жоба арқылы бірінші рет Солтүстік Кипр Түрік Республикасына апарғанын атап көрсетті. «Осы істерді атқара отырып мынаны ұмытпаймыз: Кипр түріктерінің күресінің әлемде жақсы естіртілуі, танынуы және Кипр түріктерінің дамуына біз қосатын үлестер.  Осы аяда 2021 жылы да Кипрде түрлі іс-шараларымызды жалғастырамыз» деді ол.

Жиналысқа видео көрініспен үндеу жолдаған СКТР президенті Ерсин Татар Кипр түрік халқының өз жерінде Түркиямен ынтымақтаса отырып тәуелсіз республика болуды қалайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар