2020 жылы интернетте ең көп ізделген кеме "Оруч Реис" болды

"Оруч Реис" кемесі үшін 15 маусымға дейін жалғасатын Навтекс жарияланды.

1557865
2020 жылы интернетте ең көп ізделген кеме "Оруч Реис" болды

Түрік Теңіз күштеріне қарасты бір фрегат лидерлігінде 4 корвет "Оруч Реис" кемесін қорғау міндетін алды, бір сүңгуір де оларға қолдау берді. 

"Оруч Реисті" қорғайтын әскери кеме саны ерекше кезеңдерде 8-ге көбейді.

Анталия портына күтімдеу мақсатымен келіп тұратын "Оруч Реис" кемесі үшін 15 маусымға дейін жалғасатын Навтекс жарияланды.

Табиғи газ байлығы мол аймақтардың бірі Жерорта теңізінің шығысындағы іс-шаралар себепті жылдың екінші жартысында Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы кірбеңдік артты.

"Оруч Реис" кемесінің жұмыстары себепті Жерорта теңізінің шығысы Еуроодақ лидерлер саммитінің басты күн тәртібіне айналды. 

Аталмыш процесте екі және үш өрелі терең сейсмикалық зерттеу жүргізген кеме әлем көлемінде қызығуды арттырды. 



Ұқсас жаңалықтар