Албания премьер-министрі келеді

Түркия мен Албания арасындағы екі жақты қатынастар жан-жақты қолға алынады.

1557810
Албания премьер-министрі келеді

Албания премьер-министрі Эди Рама президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен ертең Түркияға келеді.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, кездесулер 6-7 қаңтар күндері өткізіледі.  Түркия мен Албания арасындағы екі жақты қатынастар жан-жақты қолға алынады,  ынтымақтастық үшін басылатын қадамдар талқыланады.

Кездесулерде сонымен бірге аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша көзқарас алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар