Сириялық балаларға түрік әскерінен қолдау

Түрік әскері Сирияда «Бейбітшілік Бұлағы» операциясы аймағындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық қолдауды жалғастыруда.

1553657
Сириялық балаларға түрік әскерінен қолдау

Арнайы жасақтар «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағындағы бір мектептің жылу мәселесін шешіп, кішкентай оқушыларға сыйлықтар таратты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми Твиттер парақшасынан жасалған хабарламада Түркияның сириялықтарға жәрдемдерін жалғастырғаны атап көрсетілді.

Түрік әскерлерінің аймақтағы бір мектептің жылыту жүйесін қалпына келтіру туралы фотосуреттер орын алған хабарламада «Мықты, сенімді және тыныш бір Сирияның болашағы балалар үшін әскерлеріміз жәрдем жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Арнайы жасақтарымыз «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағындағы Кайсеррийе Сулук мектебінің жылыту жүйесін қалпына келтіріп, оқушыларға сыйлықтар таратты» делінді.

Түрік Қарулы күштері 2019 жылы қазан-қараша айларында жүзеге асырған «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен Сирияның солтүстігін PKK және ДАИШ террор ұйымдарынан тазалаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар