"Армян қарулы топтар атысты тоқтату бітімін бұзды"

Түркия армян қарулы топтарының Таулы Қарабахта атысты тоқтату бітіміне бағынбағанын жариялады.

1553699
"Армян қарулы топтар атысты тоқтату бітімін бұзды"

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Таулы Қарабахта қаруларды тастауды және кері шегінуді мойындамаған армян қарулы топтарының Әзербайжан Қарулы күштеріне бағытталған шабуылдарының 2020 жылы 9 қараша күнгі Үштік декларациямен жасалған атысты тоқтату режимінің ашық түрде бұзылғаны деген мағынаға келгенін атап көрсетті.

Аксой «Таулы Қарабахта қаруларын тастап кері шегінуді қабылдамаған армян қарулы топтардың Әзербайжан қарулы күштеріне қарсы жасаған шабуылдар 2020 жылы 9 қараша күнгі Үштік декларациямен жасалған атысты тоқтату режимінің ашық түрде бұзылғаны деген сөз» делінді.

28 қараша, 8,11 және соңғы рет 27 желтоқсан күндері армян қарулы топтардың шабуылдары салдарынан әскери және бейбіт адам шығындары мен жарақаттау оқиғаларының тіркелгенін білдірген Аксой «Үштік декларацияны бекітушілер ретінде барлық армян қарулы топтардың шегінуі мен атысты тоқтату режиміне бағынудың негізгі жауапкері Армения болып табылады. Әзербайжан тарапы армян қарулы топтардың аталмыш арандатушы әрекетіне қарсы заңды қорғаныс құқығын қолданып, тойтарды. Аймақта қалыптастыруға тырысқан тұрақты бейбітшіліктің ортағы болу үшін Арменияның майдандағы шындықтарды мойындауы және Үштік декларациямен берген уәделерін орындауы шарт» деді.

Аксой сонымен бірге шабуылдарда қаза тапқан Әзербайжан азаматтарына Алланың рақымын тілеп, Әзербайжан халқына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар