"Ең маңызды тақырып-климат дағдарысы"

Емине Ердоған қоршаған ортаға байланысты шараға видео үндеу жолдады.

1553352
"Ең маңызды тақырып-климат дағдарысы"

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған бүгінгі күні әлемнің ең маңызды тақырыбының климат дағдарысы екенін айтты. Ол «Жалғастыруға болатын болашақ үшін қозғалысқа өт» деген тақырыппен ұйымдастырылған бір шараға видео үндеу жолдады.

Бүгінгі таңда әлемнің ең маңызды тақырыбының климат дағдарысы екенін атап көрсеткен Ердоған: «Осы тақырыпта дабыл қағылып жатыр.  Бұл тыныс алып отырған ауадан азық-түлікке дейін көптеген салаға әсер етеді» деді. «Кешеге ейін пластикалық ластықтың алдын алуға тырысып жүр еді.  Күтпеген жерден алдымызға коронавирус пандемиясы осы ластыққа жаңаша серпін берді. БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасына қарағанда, маскалардың 75 пайызы қоқысқа және жер бетіндегі суларға араласады. Қатты қайғылы оқиға. Сондықтан тек қазіргі проблемаларға шешім іздеу енді жеткіліксіз. Болатын дағдарыстарға да дайындалу қажет» деді ол.

Ғалымдардың өте маңызды бетбұрыста тұрғанын айтқан Емине Ердоған: «дәл қазір қозғалысқа өтуіміз керек, әйтпесе балаларымызға түнек болашақ қалдыратын боламыз. Өзгеріс үшін қадам баспасақ, болашақта аштық, құрғақшылық пен көш Жер бетінің тағдыры болмақ. Басқан әрбір қате қадамымыз болашақ ұрпақтардың апаты болады.  Сондықтан барша табиғат тақырыбымен айналысуы керек» деді.

Емине Ердоған әдеттегі өндіре отырып тұтынатын жүйелердің енді өмірінің аяқталғанына назар аударды. «Табиғатқа дос өндірістерге өтуіміз қажет. Жер бетінде табиғатқа деген сүйіспеншілік, жауапкершілік санасы артып келеді. Саналы тұтынушылар қоршаған ортаға зиян келтіретін өндірістерден аулақ тұрады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар